
Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ауылдық округ әкімдігі қызметкерлерімен бірлесіп көпқабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау және балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізді. Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Атап айтқанда, электр желілерін шамадан тыс жүктемеу, ақауы бар электр құрылғыларын пайдаланбау, балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде ескертулер берілді. Сонымен қатар қызметкерлер ата-аналарға балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін айтып, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатудың маңыздылығын түсіндірді. Балалардың терезе маңында ойнауына жол бермеу және жиһаздарды терезеге жақын орналастырмау қажеттігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1253300?lang=ru

Жауап қалдыру