Құрметті Павлодар ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сайлауға қатысушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеудің негізінде жасайтынын назарларыңызға жеткіземіз. Тұрақты тіркеуі жоқ немесе дауыс беретін күні тіркелген орында болмауды жоспарлайтын азаматтарға дауыс беретін күнге дейін 30 күн бұрын (2026 жылғы 23 шілдеден кешіктірмей) Павлодар ауданының әкімдігіне (аудан әкімдігі, Қайырбаев көш., 32, 207-каб. мекенжайы бойынша) немесе тұратын жері бойынша ауылдық округ әкімдігіне өтініш беру қажет.

Аталған құқықты:

– дауыс беретін күні тіркеу орны бойынша болмайтыны белгілі болған азаматтар;

– жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын және жатақханадан тыс тұратын басқа қаладан келген студенттер;

– вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар қолдана алады.

Тізімдегі деректерді +7 (7182) 32-73-41 нөмірі бойынша Павлодар ауданы әкімдігінің Call-орталығы арқылы, не болмаса өз деректеріңізді +7  705 191 42 12 WhatsApp нөміріне жіберу арқылы тексеруге болады.

Call-орталықтың жұмыс кестесі:

дүйсенбі-жұма – сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00 – 14.30);

сенбі, жексенбі – сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.

Павлодар ауданының барлық тұрғындарын белсенді азаматтық ұстанымын білдіруге және Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысуға шақырамыз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-audan/press/news/details/1253506?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді