
Сіздердің назарларыңызға сайлаушылардың тізімдері азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер негізінде жергілікті атқарушы органдармен (әкімдіктермен) жасалатынын жеткіземіз.
Тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ, сондай-ақ дауыс беру күні тіркелген жерінен тыс жерде болатын азаматтар дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей (23 шілдені қоса алғанда) Тереңкөл ауданы әкімінің аппаратына мына мекенжай бойынша өтініш беруі қажет: Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172, 210-кабинет.
Осы құқықты:
-
дауыс беру күні тіркелген жерде болмайтыны жайлы алдын ала белгілі болған азаматтар;
-
жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын және жатақханадан тыс жерде тұратын басқа қаладан келген студенттер;
-
вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар;
-
стационарлық медициналық ұйымдарда ұзақ мерзімді ем қабылдап жатқан азаматтар;
-
тіркелген жерінен тыс жерде мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де азаматтар.
Сайлаушылар тізіміндегі өз деректеріңізді Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының Call-орталығына 8 (71833) 22-517 телефоны арқылы хабарласып немесе WhatsApp: +7 778 179 5264 нөміріне өз деректеріңізді жолдау арқылы тексере аласыз.
Call-орталықтың жұмыс кестесі:
-
дүйсенбі – жұма: 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін);
-
сенбі, жексенбі: өтініштер тек WhatsApp: +7 778 179 5264 арқылы 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылданады.
Тереңкөл ауданының барлық тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-terenkol/press/news/details/1253276?lang=ru

Жауап қалдыру