
Құрметті Үшарал қаласының тұрғындары!
Әрбір тұрғынды үй жануарларына, әсіресе ірі қара малға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Малдарыңызды қала көшелеріне қараусыз, бей-берекет жібермеулеріңізді сұраймыз.
Қараусыз жүрген малдың иесіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеміз.
Сонымен қатар, көшеде қараусыз жүрген мал жол-көлік оқиғаларына себеп болып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ қала тазалығы мен қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкеледі.
Осыған байланысты барлық тұрғындарды малды арнайы қоршалған орында ұстауға, қараусыз жібермеуге және ортақ қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамыз.
Таза қала – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Түсіністік танытып, талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-usharal/press/news/details/1254979?lang=ru

Жауап қалдыру