
Павлодар қаласында ТЖД қызметкерлері өз пәтерінде құлап қалып, өздігінен тұра алмаған қала тұрғынына көмек көрсетті.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен кіреберіс есікті ашып еденде жатқан қарт әйелді есін білетін күйде тапты. ТЖД қызметкерлері оны диванға жатқызып, көршілеріне тапсырды.
Павлодар облысының ТЖД еске салады: егер адамға шұғыл көмек қажет болса, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1253367?lang=ru

Жауап қалдыру