Сарысу ауданында қоғамдық тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Азаматтық қорғау академиясының курсанттары аудан аумағындағы дәмханалар мен қоғамдық тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында нысан иелері мен қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану, эвакуация жолдарын бос ұстау және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.

Сонымен қатар қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1254007?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді