Семей қаласында алаяқтық схемасы әшкереленді:“ашылмаған есіктер”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласының полиция қызметкерлері 70 жастағы қала тұрғыны зардап шеккен алаяқтық дерегін анықтады.
Тергеу барысында 2024 жылдың сәуір айында күдікті жәбірленушінің сенімін теріс пайдаланып, ішкі есіктерді сату сылтауымен одан 360 000 теңге көлемінде ақша алғаны анықталды. Алайда ол өз міндеттемелерін орындамай, алған қаражатты өз қажетіне жұмсаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция азаматтарға тауар сатып алу және қызметке тапсырыс беру кезінде сатушылар мен орындаушыларды мұқият тексеруді, сондай-ақ мәмілелерді құжат жүзінде рәсімдеуді және міндеттемелердің орындалуы расталғаннан кейін ғана төлем жасауды ұсынады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1254047?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді