Шет ауданы Тағылы ауылдық округіне қарасты Жұмыскер ауылында жаңа балалар ойын алаңы пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шет ауданы Тағылы ауылдық округіне қарасты Жұмыскер ауылында жаңа балалар ойын алаңы пайдалануға берілді

Шет ауданы Тағылы ауылдық округіне қарасты Жұмыскер ауылында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жаңа балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

Жаңа ойын алаңы заманауи талаптарға сай жабдықталып, балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалуына қолайлы жағдай жасалған. Алаңда түрлі ойын элементтері орнатылып, бүлдіршіндердің дене белсенділігін арттыруға, қимыл-қозғалысын дамытуға және бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік қарастырылған.

Бұл игі бастама ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Балалар ойын алаңы ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етіп, бүлдіршіндердің шат күлкісі мен қуанышына толы сүйікті демалыс орнына айналады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-tagyly/press/news/details/1254877?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді