Шымкентте тәуліктік жалға берілетін пәтерлерге кезекті рейд жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Тұран ауданында тәуліктік жалға берілетін пәтерлерге қатысты қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті профилактикалық рейд ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, сондай-ақ аудан тұрғындары мен қала қонақтары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.

Рейд барысында полиция қызметкерлері тәуліктік жалға берілетін пәтерлерді тексеріп, пәтер иелерімен және жалға берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, тұрғындардың тыныштығын бұзбау, қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету және жалға беру қызметін заң талаптарына сәйкес жүзеге асыру қажеттігі түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1255190?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді