
«Спорт – достық алаңы» жобасы аясында спорттық іс-шара ұйымдастырылды
4 шілде күні Әуезов ауданындағы «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының ұйымдастыруымен Сары-Арқа скверінде «Спорт – достық алаңы» жобасы аясында спорттық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі спорттық эстафеталар мен белсенді ойындарға қатысып, ептілік пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Сонымен қатар салауатты өмір салтының маңызы насихатталып, достық пен өзара қолдау құндылықтары дәріптелді.
Шараның мақсаты – жастардың дене белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылығын қалыптастыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1255248?lang=ru

Жауап қалдыру