Талдықорғандық «Алтын дән» ансамблі Бакуде өткен халықаралық фестивальде Супер Гран-при иеленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорғандық «Алтын дән» ансамблі Бакуде өткен халықаралық фестивальде Супер Гран-при иеленді

Өтенай ауылдық мәдениет үйінің «Алтын дән» халықтық ән-би ансамблі 1 шілде күні Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен халықаралық «Khazar Folk» би фестиваль-байқауында Супер Гран-при жүлдесін жеңіп алып, ел мерейін халықаралық сахнада асқақтатты.

Беделді байқауға 5 мемлекеттен 2000-нан астам өнерпаз қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар арасында өнер көрсеткен жерлестеріміз ұлттық нақыштағы қазақ биін жоғары деңгейде орындап, қазылар алқасы мен көрермендердің зор ықыласына бөленді.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Гүлмира Алпысбаеваның айтуынша, ұжым бұл байқауға тыңғылықты дайындықпен барған.

«Бұл жарысқа үлкен жауапкершілікпен дайындалдық. Қыздар әр қимылды жоғары шеберлікпен орындап, сахнада ұйымшылдық пен кәсіби деңгейлерін көрсете білді. Осындай еңбектің нәтижесінде Супер Гран-при жүлдесін жеңіп алдық. Енді біз 2027 жылы Баку қаласында өтетін халықаралық фестивальге тегін қатысуға жолдама иелендік. Бұл – ұжымымыз үшін үлкен жетістік. Қазақ биінің сұлулығы мен ұлттық өнерімізді әлемге таныту біз үшін зор мақтаныш», – дейді ол.

Айта кетейік, «Алтын дән» халықтық ән-би ансамблі халықаралық және республикалық байқауларда қазақтың ұлттық өнерін лайықты насихаттап жүрген шығармашылық ұжымдардың бірі. Биылғы жылдың өзінде ансамбль 10-нан астам байқауға қатысып, олардың басым бөлігінде Бас жүлде мен Гран-при иегері атанды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1253287?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді