
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Маңғыстау облысының прокуратурасымен бірлесіп, қала тұрғындары мен қонақтары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтарға қоғамдық орындарды ластамау, қоқысты белгіленген орындарға тастау және қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау әрбір азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.
Маңғыстау облысы полиция департаменті тұрғындарды тазалықты сақтауға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1254460?lang=ru

Жауап қалдыру