
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған семинар өтті
2026 жылғы 7 шілдеде Алакөл ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және су ресурстарына ұқыпты қарау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында су ресурстарын сақтау, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәселелері талқыланды. Қатысушылар табиғатты қорғауда әр адамның күнделікті іс-әрекетінің маңызына тоқталып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану – баршаның ортақ міндеті екенін атап өтті. Семинарда су айдындарын қорғау, олардың ластануына жол бермеу және тұрғындарды экологиялық бастамаларға кеңінен тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Таза әрі қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру – қоғамның ортақ жауапкершілігі екені айтылды. Іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Табиғатты аялау – келер ұрпақтың жарқын болашағына жасалған қамқорлық.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1254598?lang=ru

Жауап қалдыру