«Таза жағалау»: Астанада Сарыбұлақ өзенін тазарту акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Сарыбұлақ өзенінің жағалауын тазалау және абаттандыруға бағытталған «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері мен қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар бірлесіп жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан, пластиктен және басқа да қоқыстардан тазартты.

«Таза жағалау» экологиялық акциясы – аумақты тазалау ғана емес, тұрғындарды қаламызды таза әрі жайлы ету жолындағы ортақ мақсатқа жұмылдыратын бастама. Осындай игі шараларға еріктілер мен жастардың жылдан-жылға көбірек қатысып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарай бастағаны бізді қуантады», – деді «Астана жастары» ЖРО КММ Жастармен тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Сұлтан Өмірғалиев.

Акция соңында марапаттау рәсімі өтті. Елорданы абаттандыруға қосқан үлесі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін барлық қатысушыға Құрмет грамоталары табысталды.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge  @TazaQazaqstan

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1254231?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді