
Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Адал азамат» қағидаттарын ілгерілету аясында Атырау қаласындағы «Абай орталығында» «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді.
Іс-шарада Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.Қыстаубаева азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етудің және халықпен кері байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шараға «Мөлдіркөз» көзі көрмейтін мүгедектер қоғамдық бірлестігі, «Атырау облыстыққ «Ақ ниет» қоғамдық бірлестігі, «Аналарға көмек қолдау» қоғамдық бірлестігі және «Біз де адамбыз» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.
Акция барысында тұрғындарға азаматтық, отбасы, еңбек, тұрғын үй, әлеуметтік қамтамасыз ету және өзге де құқықтық мәселелер бойынша тегін консультациялық көмек көрсетілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, заңнама талаптары мен құқықтарын қорғау тетіктері жөнінде түсіндіру жұмыстарымен қамтылды.
Аталған акция халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1254683?lang=ru

Жауап қалдыру