ТҮРКІСТАН: «АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ» ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Ашық әкімдік» кеңсесінде бекітілген кестеге сәйкес, азаматтарды жеке қабылдап, ұсыныстары мен талаптарын тыңдады.
Қабылдауға аудан, қаладан жиналған тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, тарихи-мәдени мұралардың орнын анықтау, сондай-ақ туристік орындардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мәселелері айтылды. Одан өзге тұрғындардың жұмысына қатысты заңсыздықтарды шешу жолдары қаралды.
Облыс әкімінің орынбасары көтерілген түйткілдері тыңдай келе, салаға жауапты мамандарға бірқатар тапсырма жүктеді. Айтылған әрбір талап-тілек өзінің жіті қадағалауында болатынын ескертті.
Жалпы, тұрғындар көтерген мәселелер зерделеніп, заң шеңберінде анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1255280?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді