
Түркістан облысында әлеуметтік нысандар салу, ауылдарды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Осы ретте Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округіне қарасты Әңгірата ауылында ел бірлігі мен ауызбіршіліктің жарқын үлгісіне айналған игі іс жүзеге асып, жаңа ауылдық кітапхана салтанатты түрде пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындарының қолдауы мен ел жанашырларының демеушілігі нәтижесінде бой көтерген жаңа рухани орданың ашылуы ауыл өміріндегі маңызды оқиға болды.
Салтанатты рәсімге мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов, Төлеби ауданы әкімінің аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, кәсіпкер меценат Әсет Қайыпбеков, журналист Асхат Садырбай, ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ауыл ақсақалдары және тұрғындар қатысты.
Ауыл тұрғындарының өтініші негізінде 2025 жылдың қыркүйек айында ауыл жанашыры, кәсіпкер Жамбыл Мәуленұлының бастамасымен және жомарт жүректі ауыл азаматтарының демеушілігі арқылы жаңа кітапхана ғимаратының құрылысы басталды. Қысқа мерзім ішінде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, заманауи талаптарға сай жаңа кітапхана ел игілігіне берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1253446?lang=ru

Жауап қалдыру