Тұрғындардың жеке мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Мұрат Сердалин азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдауға аудандық бөлімдердің басшылары және Чапаев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Сарбупеев қатысты.

Қабылдау барысында төрт азаматтың өтініші қаралып, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек алу мәселелеріне қатысты сұрақтар көтерілді.

Аудан басшысы көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер беріп, жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Тапсырмалардың орындалуы жеке бақылауына алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1253408?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді