
Тырысқақ – бұл Vibrio cholerae бактериясымен туындайтын жедел жұқпалы ауру, ол ластанған су немесе тағам арқылы таралады.
Белгілері қатты іш өту, құсу және сусыздану болып табылады, егер уақытында емделмесе, бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Туристерге арналған ұсынымдар:
Эндемиялық елдерге саяхат жоспарламас бұрын, эпидемиологиялық жағдайды мұқият зерттеп, инфекция жұқтыру қаупін ескеріп, қажетті сақтық шараларын қабылдаңыз.
Тек таза суды пайдаланыңыз – қайнатылған немесе бөтелкедегі су ішіңіз.
Гигиена ережелерін сақтаңыз – тамақтанар алдында қолыңызды сабынмен жуыңыз.
Тек термикалық өңдеуден өткен тағамдарды тұтыныңыз – шикі көкөністер, жемістер мен теңіз өнімдерінен аулақ болыңыз.
Көшедегі тағамдардан абай болыңыз – тек тексерілген мейрамханалар мен кафелерді тандаңыз.
Денсаулығыңызды қадағалаңыз – іш өту немесе құсу белгілері байқалса, дәрігерге жүгініңіз.
Қазақстанда тырысқақ ауруының бірде-бір тіркелген жағдайы жоқ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1253234?lang=ru

Жауап қалдыру