Ұлан ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 56,1 шақырымы орташа жөндеуден өтті.
Қазіргі таңда:
✅ «Митрофановка ауылына кіреберіс» (0–7,9 км);
✅ «Ұлан – Бозанбай» аудандық жолы (0–27,2 км);
✅ «Манат ауылына кіреберіс» (0–20 км) бағыттарында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Жоғарғы Тайынты ауылындағы Бекбосынов көшесінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Алдағы уақытта:
– Тарғын ауылындағы Айтыков көшесін;
– І.Айтықов ауылындағы Варепа көшесін жөндеу жұмыстары басталады.
Одан кейін Жаңа Азов және Жаңа Қанай ауылдарына апаратын жолдарды жөндеу жұмысы қолға алынады. Бұдан бөлек Шыбындыкөлге апаратын жолды орташа жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Аудандық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары да кестеге сай жүргізілуде.
Жол инфрақұрылымын дамыту – аудан тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берері анық. Біз де өз тарарымыздан осы бағыттағы жұмыстардың сапалы жүргізілуін қадағалайтын боламыз.

 

https://www.instagram.com/yerbol.abdykalykov/ 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihatvko/press/news/details/1255310?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді