Ведомствоаралық өзара іс-қимыл — қылмыстарды тиімді тергеп-тексерудің кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Полиция департаментінде Тергеу басқармасы қызметкерлерінің Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тергеу басқармасының басшылығымен, сондай-ақ тергеу, жедел бөлімшелер және анықтау бөлімдерінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қатар жүргізілетін қаржылық тергеп-тексерулерді жүзеге асыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, жедел ақпарат алмасу және бірлескен жұмысты үйлестіру мәселелерін талқылады.

Қылмыстық жолмен алынған кірістер мен қаржылық схемаларға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды. Уақтылы жүргізілетін қаржылық тергеп-тексерулер қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға, заңсыз алынған активтерді айқындауға және оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекет кірісіне қайтару бойынша тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Осындай жұмыс кездесулері құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, қылмыстық істерді тергеп-тексеруде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға және Жетісу облысы аумағында қылмысқа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1253310?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді