Жалаңаш күйде субұрқаққа түскен ер адам 15 тәулікке қамауға алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Петропавлда әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын 2 шілдеге қараған түні сағат 00:30 шамасында мас күйінде Бас алаңдағы субұрқақта жалаңаш күйде жуынған ер адамның әрекеті тудырды.

Құқық бұзушының әрекеті полицияның назарынан тыс қалған жоқ. Оның жеке басы анықталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адамның айтуынша, ол достарымен сыра ішкен, содан кейін не себепті субұрқақта жуынуға шешім қабылдағанын есіне түсіре алмайды.

Сот оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желі қолданушыларына үндеу жасап, қылмыс немесе құқық бұзушылық куәсі болған жағдайда оны тек бейнежазбаға түсірумен шектелмей, дер кезінде полицияға хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ полицейлер айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін және қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер үшін заңнамада 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу, не 20 сағаттан 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес тәуліктен он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1253533?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді