«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында және «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде еңбек етіп жүрген жастар кентімізде көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
Жастардың белсенді еңбегі туған өлкеміздің көркеюіне қосылған маңызды үлес. Таза әрі көрікті қоршаған орта әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі.
«Тазалық денсаулық кепілі» сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау баршамыздың азаматтық парызымыз.
Кентіміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген барша жастарға алғыс білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1254741?lang=kk

Жауап қалдыру