Жетісу ауданы әкімінің тұрғындармен кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 3 шілдеде Жетісу ауданының әкімі Жылқыбаева Ляззат №80 мектепте аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, жол және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері, қоғамдық қауіпсіздік және тұрғындарды толғандырған өзге де өзекті сұрақтар талқыланды.

Тұрғындар өз ұсыныстары мен өтініштерін айтып, көкейлеріндегі сауалдарын тікелей әкімге жолдады. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Мұндай кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатуға және ауданның өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zhetysu/press/news/details/1255301?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді