
Жоғары оқу орнын сәтті аяқтаған түлектердің назарына!
Егер сіздің оқу үлгеріміңіз жоғары болып, GPA көрсеткішіңіз 3,33-тен жоғары болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуға мүмкіндігіңіз бар.
Аталған мүмкіндік жоғары оқу орнын аяқтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады.
Жетісу өңірінде еңбек жолыңызды бастап, мемлекеттік қызметте кәсіби мансап құруға ниет білдірсеңіз, құжаттарды тапсыру және толық ақпарат алу үшін аудан әкімдігіне немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз.
Байланыс телефондары:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті
📞 +7 (7282) 24-06-88
Алакөл ауданы әкімдігі
📞 +7 (72833) 2-28-56

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1252967?lang=ru

Жауап қалдыру