Жолдағы қауіпсіздік – өзара құрметтен басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері спорт басқармасының өкілдерімен бірлесіп, спорт мектептерінің тәрбиеленушілерімен, велоклуб мүшелерімен және велоспорт әуесқойларымен кездесті.

Кездесу барысында қатысушыларға жол қозғалысы қауіпсіздігінің негізгі талаптары еске салынды: қорғаныс дулығасы мен арнайы қорғаныс құралдарын пайдалану, жарық қайтаратын элементтер тағу, Жол қозғалысы қағидаларын сақтау, маневрлерді алдын ала белгілеу және ортақ пайдаланылатын жолдарда ерекше мұқият болу.

🚗 Полицейлер жүргізушілерге де үндеу жасайды: велосипедшілерді басып озу кезінде қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз, жылдамдықты төмендетіп, жолдағы өзара құрметті ұмытпаңыз. Жол қауіпсіздігі – әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1253542?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді