
📢 «Заң керуені» республикалық әлеуметтік акциясы өтті
2026 жылғы 26 маусымда Ақтөбе қаласындағы «Нокин» мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң керуені» республикалық әлеуметтік акциясы өткізілді.
Іс-шараға құқық қорғау органдарының, уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы Қ. Камиев, адвокаттар, заңгерлер, нотариустар және сот орындаушылары қатысып, азаматтарға тегін құқықтық консультациялар көрсетті.
«Заң керуені» акциясы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтуға бағытталған. на русс

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1256073?lang=ru

Жауап қалдыру