Бүгін, Департамент басшысы Амангелді Әліш Салхудинұлының төрағалығымен Департаменттің І жартыжылдығында атқарылған жұмысты қорытындылап, жұмыс жоспарындағы алдағы міндеттерді пысықтау мақсатында Департамент қызметкерлерінің қатысуымен кезекті лездеме жиналыс өткізілді.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Амангелды Салхудинұлы Департаментте орын алған кадрлық өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылған бірқатар қызметкерлерді лауазымдарға штаттық кестеге сәйкес тағайындау туралы бұйрығымен таныстырып өтті. Департамент басшысы тағайындалған қызметкерлерді құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік, бекітілген қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруға және еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тілектестік білдірді.
Күн тәртібіндегі кезекті мәселе – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары мәселесі қозғалды. Департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуы, мемлекеттік қызметшілер мен қызметкерлер арасында адалдық, ашықтық және заңдылық қағидаттарын нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыс барысы талқыланды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуға бағытталған үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңы туралы қысқаша шолу жасалынды. Жаңа Заң мемлекеттік қызметтің ашықтығын, тиімділігін және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға бағытталғандығын, әрбір мемлекеттік қызметші заң талаптарын қатаң сақтап, кәсібилік, адалдық, жауапкершілік және халыққа қызмет ету қағидаттарын басшылыққа алуы қажеттігі ескертілді.
Одан әрі, Амангелды Салхудинұлы Департаментте 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды қорытындылау мақсатында алты ай ішінде атқарылған негізгі қызмет нәтижелеріне тоқталып өтті. Еңбек қатынастары саласындағы бақылау-қадағалау жұмыстарының қорытындылары, азаматтардың өтініштерін қарау, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және еңбек дауларын алдын алу бағытындағы жұмыстардың нәтижелері талқыланды.
Сондай-ақ, өндіріс орындарында орын алатын жазатайым оқиға кезінде міндетті сақтандыру шарттарын жасамаған ұйымдарға мониторинг жасай отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы, мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері қаралды. Осы бағытта жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және белгіленген міндеттерді сапалы орындау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жауап қалдыру