
2026 жылғы 13 шілдеде Департамент басшысы Аймағанбетов Жанабай Усембаевич, Еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы Ермұқанов Әсет Әбілахатұлы Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбек етіп жүрген Ақтау қаласының жасөспірімдермен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында кәмелетке толмаған жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек шартын жасасу және тоқтату тәртібі, жұмыс және демалыс уақытының ерекшеліктері, еңбекті қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мен өз құқықтарын тиімді жүзеге асырудың маңыздылығы түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1257137?lang=ru

Жауап қалдыру