
Шығыс Қазақстан облысы 2026 жылғы 4 айдағы салық төлемдері бойынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 81,7 млрд.теңгені құрады. Жоспар 66,5 млрд.теңгені құрап 15,2 млрд.теңге сомасында асыра орындалып 122,8% құрады.
Жергілікті бюджет түсімдері бюджеттің 3 деңгейінің: аудандық, облыстық және жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің түсімдерінен қалыптастырылады.
Аудандық бюджет бойынша 4 ай ішінде түсу фактісі 60,7 млрд.теңгені құрайды; облыстық бюджет бойынша – 17,6 млрд.теңге; жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттері боыйнша – 3,4 млрд.теңге. Барлық түсім 81,7 млрд.теңге сомасында.
Жергілікті бюджет түсімдерінің басым бөлігі мынадай көздермен қамтамасыз етілген:
- Ірі кәсіпкерлік субъектілері-заңды тұлғалардан алынатын КТС жалпы түсімдегі үлесі 28,2 % немесе 23,0 млрд.теңгені құрайды;
- Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ЖТС, түсімдердің үлесі 26,3% немесе 21,5 млрд.теңгені құрайды;
Әлеуметтік салық, түсімдердегі үлесі 23,0% немесе 18,8 млрд.теңгені құрайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1255494?lang=ru

Жауап қалдыру