
2026 жылғы 6 маусым күні Көктал ауылдық округінде кең ауқымды санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, сенбілік өткізілді.
Сенбілікке округ әкімдігі қызметкерлері, мекеме ұжымдары, қоғамдық ұйым өкілдері мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, елді мекен аумағын абаттандыру және тазарту жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында көшелер, қоғамдық орындар, саябақтар мен мекемелердің айналасы қоқыстан тазартылып, жиналған қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.
Тазалық жұмыстары ауылдың көркеюіне, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Осындай ортақ іске атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреміз. Таза ауыл – ортақ жауапкершілік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-koktal/press/news/details/1256944?lang=ru

Жауап қалдыру