
Обаған ауылдық округінің спорттық жетістіктер қоржыны тағы бір лайықты марапатпен толықты!
6 шілде күні Ұзынкөлде өткен жазғы спартакиадада тоғызқұмалақтан тартысты әрі қызықты бәсеке болды. Біздің құрама өз шеберліктерін тамаша дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді:
🥈 ІІ орын — Әбілқасов Тұрар (күміс жүлде)
🥉 ІІІ орын — Әбілқасова Ақнұр (қола жүлде)
Спортшыларымызды осы жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер ауылымыздың намысын абыроймен қорғап, жанкүйерлерге ұмытылмас әсер сыйладыңыздар.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Тұғырларыңыз әрдайым биік болсын! ✊🔥

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-obagan/press/news/details/1256301?lang=ru

Жауап қалдыру