Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
Әулиекөл аудандық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 10.00-де аудан әкімі аппаратының үлкен залында мынадай күн тәртібімен шақырылсын:
- Аудан әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі;
- Аудан аумағын жинау, қоқыс шығару, аудандық қоқыс шығаратын жердің ұсталуы, сенбіліктер өткізу жөніндегі жұмыстардың жағдайы туралы.
Аудандық мәслихатының төрағасы Д.Қойшыбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-auliekol/press/news/details/1257298?lang=ru

Жауап қалдыру