«АЛТАЙ» ФУТБОЛ КЛУБЫ СЫРТ АЛАҢДА «ЖЕТІСУДЫ» ЖЕҢІП, МАҢЫЗДЫ ҮШ ҰПАЙҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстанда халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі жоғары деңгейде өтіп жатқан тұста, өңір жанкүйерлерін қуантқан тағы бір жағымды жаңалық футбол алаңынан жетті. Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында ШҚО намысын қорғайтын «Алтай» футбол клубы сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу» командасымен кездесіп, 1:0 есебімен маңызды жеңіске қол жеткізді.

Талдықорған қаласында өткен тартысты кездесудің тағдырын шешкен жалғыз әрі жеңісті голды ойынның алғашқы минуттарында, дәлірек айтқанда 6-минутта пенальтиді мүлтіксіз орындаған Ибрагим Дадаев соқты. Есеп ашылғаннан кейін біздің футболшылар қорғаныста өте сауатты әрі сенімді ойын үлгісін көрсетті. Алаң иелерінің матч соңына дейінгі үздіксіз шабуылдары мен қысымына төтеп берген «Алтай» ұжымы минималды басымдықты соңғы ысқырыққа дейін сақтап қалды.

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Алтай» футбол клубының ойыншылары мен жаттықтырушылар құрамын сырт алаңдағы маңызды жеңісімен құттықтайды! Бұл триумф — команданың жасыл алаңда көрсеткен қайсарлығының, мықты тәртібі мен жеңіске деген жоғары самоотдачасының айқын көрінісі. Футболшыларымызға турнирлік кестедегі позициясын нығайтып, алдағы турларда да жанкүйерлерді әдемі ойынмен және жарқын жеңістермен қуанта беруіне тілектеспіз! Алға, «Алтай»!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1257170?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді