
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 10 шілдеде сағат 17:00-де облыс прокуратурасының @prokuraturasko ресми Instagram-парақшасында «Жаңа Конституция қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық туралы Заңы, оның ішінде әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу туралы атқарушылық өндірістерді қысқарту және әкімшілік жауапкершіліктен босату бойынша, көлік қылмыстары, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатындағы жеке қаулылар, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар, «Заң мен тәртіп» идеологемасының мақсаттары» тақырыптары бойынша тікелей эфир өтеді.
Эфир барысында облыс прокуратурасының қызметкерлері облыс соттарындағы істер бойынша өзекті мәселелерді, құқық бұзушылықтардың алдын алуды түсіндіріп, азаматтардың өтініштеріне жауап береді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1255560?lang=ru

Жауап қалдыру