Ақадыр кенті әкімдігінде тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 10 шілде күні Ақадыр кенті әкімдігінде тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға Қарағанды облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Абдибаев Ғалым Сабитұлы, Қарағанды қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Ауесбаев Еркебұлан Ермекұлы, сондай-ақ адвокат Д.Ш. Карбанов пен жеке нотариус К.Т. Сұлтанова қатысты.

Кездесу барысында тұрғындарға әділет органдарының қызметіне қатысты өзекті мәселелер бойынша кәсіби құқықтық кеңестер берілді. Атап айтқанда, құжаттарды рәсімдеу, құқықтарды мемлекеттік тіркеу, нотариаттық қызметтер, атқарушылық іс жүргізу және өзге де құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз ету және құқықтық мәселелерді шешуге қолдау көрсету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-agadir/press/news/details/1256584?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді