
Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын өтініш жасады. Ер адам ұялы телефон мен ақша ұрланғанын хабарлады. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 2,6 миллион теңгені құрады.
Іс жүргізу барысында полицейлер 2007 жылы туған жәбірленушіден iPhone 15 ұялы телефонын ұрланғанын анықтады. Құрылғыдағы банктік депозитте шамамен 2 миллион теңге көлемінде ақша қаражаты болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, бір күн бұрын жас жігіт танысымен уақыт өткізген. Таңертең досы байланысқа шықпаған, ал кейінірек жәбірленуші телефон мен депозиттік шоттан қолма-қол ақшаның жоғалғанын анықтады.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады.
Алдын ала ақпарат бойынша, күдікті ұрланған ақшаны ойын ұтысына жұмсаған. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық жағдайлары белгіленуде. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1257414?lang=ru

Жауап қалдыру