
Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының жаңа редакциясы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының нормаларын түсіндіруге арналған семинар өтті.
Іс-шараға Департаменттің және Ақмола облысының аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлері қатысты.
Семинарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жазира Тоқтарқызы Сейтмағанбетова мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Гүлмира Мұталлақызы Сағадиева баяндама жасады.
Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың жаңа редакциясында көзделген негізгі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіруге, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау тетіктерін күшейтуге, олардың әлеуметтік кепілдіктерін кеңейтуге бағытталған жаңашылдықтар, сондай-ақ заңдылық, адалдық, ашықтық және мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігі қағидаттарын нығайтуға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормалары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет туралы заңнамада белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік әдеп қағидаларын мүлтіксіз сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар соңында қатысушыларға заңнама нормаларын қолдануға қатысты жан-жақты түсіндірмелер беріліп, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1256588?lang=ru

Жауап қалдыру