
Ақмола облысының полиция департаментіне Көкшетау қ.ПБ патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің атына алғыс сөздер келіп түсті, олар шұғыл жағдайда отбасына жедел көмек көрсетті.
9 шілдеде полицияға Щучинск қаласынан облыс орталығына көлік жіберіліп жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті, рульде әйел адам болған. Ол кенеттен денсаулығы нашарлаған әкесін әкеле жатқан. Болжам бойынша инсульт болуы мүмкін.
Хабарламаны алған полиция аға лейтенанты Сералы Ерік Нұрланұлы мен полиция капитаны Бастамит Бағжан Асқарұлы көлікті дереу қарсы алып, маяктарды қосып, Ақмола облыстық ауруханасына жеткізіп, кедергісіз жол жүруді қамтамасыз етті.
Болған оқиғадан кейін ер адамның қызы Ақмола облысы ПД ресми парақшасында алғыс сөздерін білдірді.
“Көкшетау қаласының патрульдік полиция қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді. Еңбектеріңіз үшін көп рақмет! Әкемнің жағдайы жақсы! Отбасыларыңызға, туыстарыңызға амандық! Жеңіл қызмет тілеймін!”
Полицейлердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам медициналық мекемеге уақтылы жеткізіліп, қажетті көмекті алды. Қазір оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1257402?lang=ru

Жауап қалдыру