Ақсу оқушылары жазғы лагерьлерде жасанды интеллектті меңгеруде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақсу өңіріндегі мектеп жанындағы жазғы лагерьлерде оқушылардың жазғы демалысы танымға толы, мазмұнды әрі заманауи бағытта ұйымдастырылуда.

Бүгінде жасанды интеллект пен IT технологияларын меңгеру – уақыт талабы. Осы мақсатта «Смарт бала» жобасы аясында мектеп жанындағы лагерьлерде «ЖИ және мен» workshop платформасы арқылы танымдық квест ойындары өткізілді. Іс-шараларға барлығы 153 оқушы қатысты.

Интерактивті сабақ барысында лагерь тәрбиеленушілері заманауи цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерімен танысып, workshop платформасындағы викториналық тапсырмаларды орындады. Олар логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, жасанды интеллектінің күнделікті өмірдегі қолданылу аясын тәжірибе жүзінде зерделеді.

Мазмұнды іс-шара оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, ақпараттық технологияларды тиімді әрі қауіпсіз пайдалануға деген қызығушылығын нығайта түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1255569?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді