Ақтауда «Абысын-ажын 2026» байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтауда «Абысын-ажын 2026» байқауы өтті

Ақтауда қазақ келіндерінің өнегесі мен отбасылық татулықты насихаттайтын дәстүрлі «Абысын-ажын 2026» облыстық байқауы өтті. Бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бұл тағылымды жоба биыл да ұлттық құндылықтарды ұлықтап, отбасы институтын нығайтуды көздейтін маңызды рухани алаңға айналды, деп хабарлайды Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

Салтанатты іс-шара Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы, «Маңғыстау» және «Риза-Ана» қоғамдық қорларының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Байқаудың басты мақсаты – қазақ әулетіндегі келіндердің татулығын үлгі етіп, абысындар арасындағы ауызбіршілік пен өзара сыйластықты дәріптеу, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрді жас ұрпаққа жеткізу.

Сайыс барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, өз өнерлері мен шеберліктерін паш етті. Атап айтқанда, келіндер ән шырқап, қолөнер туындыларын көпшілік назарына ұсынды.

Ең әсерлі кезеңдердің бірі – абысындардың қазақтың ұлттық дәстүрлерін сахналауы болды. 

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 3-орын Бөкен Жеменей ауылының келіндеріне бұйырды. Түпқарағандық Нәдірбай ата әулеті байқауда 2-орын иеленді. Маңғыстау ауданынан келген Нұрмағамбет ата әулеті байқау жеңімпазы атанып, 1-орын иеленді. Айта кетейік, байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпазы Ақтөбеде өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1257451?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді