
8 шілде күні Ақтау қаласы әкімдігінде қайырымдылық шараларына тұрақты түрде атсалысып, қоғамдық игі бастамаларға белсенді қолдау көрсетіп жүрген бірқатар кәсіпкер Ақтау қаласы әкімінің атынан Алғыс хатпен марапатталды. Марапаттарды қала әкімінің орынбасары Бекнұр Бәлиұлы табыстады.
Марапатталғандар қатарында жекелеген кәсіпкерлермен қатар медициналық ұйымдардың өкілдері де бар. Олар ерекше балалар мен олардың отбасыларына медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетіп, қайырымдылық бағытындағы игі істерге тұрақты түрде үлес қосып келеді.
Марапат иелері көрсетілген құрмет үшін қала басшылығына ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да қайырымдылық шараларына белсенді қатысып, игі бастамаларды жалғастыра беретіндерін атап өтті.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1255937?lang=ru

Жауап қалдыру