
«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлініс жауынгерлерінің қатысуымен Ырғыз ауылындағы жергілікті тұрғынның тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізді.
Тінту барысында металл сейфтен тіркелмеген ИЖ-12 маркалы 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы, 56 дана оқ-дәрі, 12 дана киіктің мүйізі және 2 киіктің ұшасы табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тәркіленген заттарға тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың шығу тегі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Полиция департаменті тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау, сондай-ақ мемлекет қорғауындағы жануарларды заңсыз аулау және сақтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1255592?lang=ru

Жауап қалдыру