Астанада мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы өзгерістер талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌 *Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің бастамасымен* Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Ербол Жолданғар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті мен Жер ресурстарын басқару комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қызметкерлерімен кездесіп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарға енгізілген негізгі өзгерістер мен жаңа бағыттарды түсіндірді.

💭 Кездесу барысында заңдарға енгізілген негізгі өзгерістер мен жаңа бағыттар жан-жақты түсіндірілді:

* Е-қызмет арқылы мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесінің цифрландырылуы;
* клиентке бағдарлану қағидаты;
* мүдделер қақтығысын болдырмау;
* сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің тәуелсіздігі;
* пара беруге уәде ету, пара ұсыну, сондай-ақ пара талап ету әрекеттерін қылмыстық жауаптылыққа жатқызу және басқа да маңызды жаңашылдықтар.

🔹 Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1256043?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді