Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздары марапатталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада 10 шілде күні «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздары мен лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Марапаттау рәсімі сағат 19:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы Амфитеатрда басталады.

Бұл кеш отбасы құндылықтарын, сүйіспеншілік пен бірлікті, ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін ерекше мерекеге айналмақ. Іс-шара барысында өзгеге үлгі болып, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және отбасы институтын нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген жанұялар құрметке бөленеді.

Кеш қонақтарына қазақстандық эстраданың танымал өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1255977?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді