
Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ересектерге арналған қазақ тілі курсын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ересектерге арналған курс тегін ұйымдастырылады. Өтініштер 1-31 шілде аралығында қабылданады.
Курс 3 тамыз күні басталады. Оқыту офлайн және онлайн форматта өтеді. Ұзақтығы – 4 ай. Сабақ аптасына 3 рет ұйымдастырылады. Курс соңында қатысушыларға сертификат табысталады.
Курсқа тіркелу үшін Бейбітшілік көшесі, 9, 209-кабинетке жүгіну қажет.
Байланыс телефондары:
Жұмыс: +7 (7172) 24-90-52;
Ұялы: +7 (707) 497-71-43.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1257806?lang=ru

Жауап қалдыру