Атырау облысы бойынша ҚАЖД-де жартыжылдықты қорытындылау жөніндегі жедел кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді. Кеңеске департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен бағынысты мекемелердің басшылары қатысты.

🔹Жедел кеңесті Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Берік Сансызбайұлы жүргізіп, бірінші жартыжылдықтағы жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелеріне жан-жақты талдау жасады. Сонымен қатар, режим талаптарының сақталуы, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызметтік тәртіп мәселелері қарастырылып, анықталған кемшіліктер бойынша нақты тапсырмалар берілді.

🔹Кеңес қорытындысында алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалып, қызмет тиімділігін арттыру, заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау, сондай-ақ жүктелген міндеттерді сапалы орындау бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisatyrau/press/news/details/1256736?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді