АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер учаскесі, жайылымдық жер, инженерлік инфрақұрылым, жол-көпір, ауыз су және елді мекендерді абаттандыруға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Аудан әкімі әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, заң талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берді. Сондай-ақ көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын зерделеп, оларды заң аясында шешуге және халықпен ашық әрі тиімді байланысты нығайтуға бағытталған.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1256747?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді