
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес Бәйдібек ауданы әкімдігіне бағынысты жергілікті атқарушы органдарда 2026 жылдың 14 мамыр және 26 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Осы ретте, аудан әкімі аппаратының басшысы Фазылбек Әуеннің төрағалығымен жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижесін талқылау өтті. Жиынға ауданның дербес бөлім басшылары, ауылдық округі әкімдері қатысты.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін салалар мен тиісті құжаттарға тоқталып, тәуекелдердің алдын алу шараларын қабылдау жөнінде тапсырма берілді.
Сонымен қатар, талқылау барысында көтерілген мәселелер бойынша қажетті зерделеу жұмыстарын алдағы уақытта жалғастырады.
Оған қоса,тиісті жұмыстарды күнделікті және тұрақты түрде жүргізу қажет екені ескертілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1255906?lang=kk

Жауап қалдыру