
Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылында қатты дауылдан зардап шеккен тұрғындармен арнайы комиссия кездесіп, келтірілген шығынды бағалау жұмыстарын жалғастыруда. Әрбір өтініш жеке қаралып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті қолдау шаралары қабылданады.
🏠 Табиғи апат салдарынан баспанасы қатты зақымданған тұрғындардың бірі Ақбаян Есенғұл көрсетіліп жатқан қолдау мен атқарылып жатқан жұмыстарға сенім білдірді.
📌 Қазіргі уақытта Қарауылкелді ауылында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Арнайы комиссия тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарына келтірілген залалды анықтап, зардап шеккен азаматтарға қажетті қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Жедел штаб пен «жедел желі» ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1256572?lang=ru

Жауап қалдыру